Өмірінде дәрігерге бармаған адам санаулы шығар?! Әрқайсымыз осы күнге дейін бір рет болса да дәрігердің қабылдауында болдық... Алдымен, ол біздің денсаулығымызды тексереді, сосын өз дәрігерлік шешімін (диагноз) айтып, дертке шипа болатын дәрі-дәрмектерін жазып, белгілі нұсқаулықтарын айтады. Солай емес пе? Неғұрлым білімі мен тәжірибесі көп болса соғұрлым дұрысырақ қорытынды жасайды. Мәселен, жақсы маман науқастың денсаулығын егжей-тегжейлі зерттеп, керекті анализдерін тапсыртып, науқаспен сұхбаттасады, себебін сұраған соң шешім қабылдауға тырысады. Сөйтіп, науқасқа қажетті дәрі-дәрмегі мен...